Сөздік
Лендинг деген не
Лендинг - жоғарыдан төмен қарай парақталатын бір беттік сайт: ұсыныс, бағалар, пікірлер, өтінім формасы. Оны бір қызметке және бір мақсатқа - өтінімге арнап жасайды.
Қарапайым тілмен
Лендингте адам мәзір арқылы басқа бетке «кетіп қалмайды» - ол ретімен оқып, батырмаға дейін жетеді. Сондықтан адам нақты бір нәрсе іздеп келгенде, лендинг жарнамамен жақсы жұмыс істейді.
Қазақстаннан мысал
Менде бір беттік сайт 150 000 ₸-ден басталады. Қызмет 3-5-тен көп болса, бірнеше беттен тұратын сайт жасаған дұрыс - 300 000 ₸-ден: әр қызметті Google-дан табу оңайырақ болады.
Жиі кездесетін қате
Бір лендингке он қызметті сыйғызуға тырысу. Нәтижесінде ұзын-сонар парақ шығады, онда бірде-бір қызмет көзге түспейді.
